• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Желтоқсан, 2020

Қарсыластар анықталды

103 рет
көрсетілді

Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының іріктеу турнирінде су добынан қай командалардың өзара күш сынасатынын жария етті.

Қазақстанның әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Грекия, Мажарстан және Израиль. Осылардың арасындағы ең үздігі – мажарстандықтар. Олар әлем чемпионатында екі рет топ жарып, бір күміс және бір қоланы олжалады. Еуропа чемпионатында 3 алтын, 5 күміс және 5 қоланы иеленді. Соңғы үш Олимпия ойындарында төртінші орынға табан тіреді. Грекиялықтар да әлемдік және құрлықтық додаларда жеңіс тұғырына көтерілген команда. Іріктеу турнирі келесі жылдың 19-24 қаңтары аралығында Италияда өтеді. Ал А тобындағы бәсекелерде Италия, Франция және Нидерланд құрамалары күш сынасады.