Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бір тәулікте коронавирустан сегіз адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте 29 адам пневмонияға шалдықты, 45 адам жазылып шықты. 652 адам коронавирус жұқтырды.
Бірінші тамыздан бастап 44 414 адам пневмонияға шалдықты, 475 адам қайтыс болды.
Пандемия басталғалы 147 236 адам инфекция жұқтырды, 2 194 адам қайтыс болды.
21 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 147 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 4 375 науқас стационарда, 20 772 науқас амбулаториялық деңгейде.
Коронавирус жұқтырғандар арасында 249 адамның жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.