• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Желтоқсан, 2020

ПТР-анықтамасыз келген үш қазақстандықтан COVID-19 анықталды

135 рет
көрсетілді

2020 жылғы 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 824 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 461 адам, анықтамасыз 363 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:  Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 633 жолаушы, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз - 143;  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 142 жолаушы, анықтамамен - 922; анықтамасыз - 220; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келді;  Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 18 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 19 желтоқсанында анықтамасыз келген 237 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 1 жолаушы – Франкфуркт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.