• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2020

COVID-19 инфекциясының жаңа штаммы жылдам тарап жатыр

219 рет
көрсетілді

Әлемдік бұқаралық ақпараттарында Ұлыбританияда COVID-19-дың бұрынғыдан да қауіпті жаңа штаммы пайда болғаны жайлы хабар тарағалы кәрі құрлықтан маза кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Біріккен корольдік көлемінде вирустың жаңа штаммы жайындағы ақпарат 14 желтоқсанда жарық көріп, елдің премьер-министрі Борис Джонсон 20 желтоқсанда Лондонда, Шығыс, Оңтүстік Шығыс және Уэльс аймақтарында локдаун жария етісімен Еуропаның бірқатар мемлекеттері Ұлыбританиямен арадағы барыс-келіске шектеу қоя бастады.

Атап айтқанда, Германия денсаулық сақтау ісінің басшысы Йенс Шпан Ұлыбританиядан дүйсенбі күні, яғни 21 желтоқсаннан бастап әуе байланысының тоқтайтынын хабарласа, Франция 48 сағатқа біріккен корольдіктен жолаушы және жүк тасымалын доғара тұруды шешкен.

Сонымен қатар Нидерланд мемлекеті әуе және теміржол қатынасын жаңа жылдың басына дейін үзілетінін мәлімдеп, Италия үкіметі де аралға соңғы екі апта ішінде барған өз азаматарына елге қайта кіруді кейін шегеру қажеттігін айтып, екі арадаға әуе байланысының тоқтай тұратынын хабарлады. Бельгия корольдігі де етек-жеңін қымтап, Ұлыбританияға ұшақ ұшырып, олардан қабылдауды әзірге тоқтататынын мәлімдеген.

Италия үкіметіндегі денсаулыққа жауап беретін ведомствоның хабарлауынша жаңа штаммның жұғу жылдамдығы бұрынғыдан әлдеқайда жоғары көрінеді.

Қауіпті штаммға қатысты қадамдарды ЕО-ға мүше елдердің барлығы бірдей қабылдап жатыр. Мәселен, Эстония мен Латвия да жылдың аяғына дейін Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын тоқтата тұрмақшы.

Жаңа штамм ЕО құрамынан бас тартқан Ұлыбританияны оқшаулауда кәрі құрлықтағы одақтастар үшін «Құланның қасынуына, мылтық шүріппесінің басылуына» саятындай жақсы бір тетік болғанға ұқсайды.