• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Желтоқсан, 2020

Зейнетақы салымшыларының жинағы айтарлықтай өсті

118 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2 трлн теңгеге артты, деп хабарлайды Egemen.kz

2020 жылдың 1 желтоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптасты.

Жыл басынан бері 1,9 трлн теңгеге немесе 18%-ға артты. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,13 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 531 млрд теңгеге (өсім 88%) артық.

Жеке зейнетақы шоттарының саны 2020 жылдың 1 желтоқсанында 11,6 млн бірлікті құрады. 2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 958,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың 11 айындағы көрсеткіштен 75,8 млрд теңгеге немесе 9% асып түсті.