• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Желтоқсан, 2020

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңарды

147 рет
көрсетілді

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Жерлестеріміздің дені АТР және WTA тізіміндегі өздерінің бұған дейінгі орындарын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атап айтсақ, әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 19 орынды олжалауда. Қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік нәтиже әзірге осы. Юлия Путинцева 28 орынға жайғасса, Зарина Дияс 80 сатыға табан тіреді. Қазіргі кезде WTA тізімінде аустралиялық Эшли Барти жеке-дара көш бастаса, румыниялық Симона Халеп, жапониялық Наоми Осака, америкалық София Кенин және украиналық Элина Свитолина үздік бестіктің санатында.

Ерлер арасында бүгінгі таңда Сербияның саңлағы Новак Джоковичке тең келер ешкім табылмай тұр. Оны испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим, ресейлік Даниил Медведев және швейцариялық Роджер Федерер өкшелеп келеді. «ТОП-100» ойыншының қатарына Қазақстанның қос өкілі еніп отыр. Олар – Александр Бублик (50 орын) пен Михаил Кукушкин (89 орын).