Бұл күндері Ақтауда өтіп жатқан дзюдошылардың ел чемпионатында ерлер арасындағы 100 келі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев белдесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған дейін 81 және 90 кило салмақтада күш сынасып, Азия ойындары мен Азия чемпионаты, басқа да аса ірі халықаралық турнирлерде жеңіс тұғырына көтерілген Қарағанды облысының өкілі тек Олимпиада ойындары мен дүниежүзілік додаларда ғана жүлде ала алмай жүргенін жанкүйерлер жақсы біледі.
Бұл жолы Бозбаев 100 келі салмақта өнер көрсетуді құп көрді. Аяқ алысы жақсы болды. Барлық қарсыласын сыпыра ұтқан Ислам Қазақстан чемпионы атанды.
Ел чемпионатының күміс жүлдесін Қызылорданың өкілі Айбек Серікбаев жеңіп алса, павлодарлық Серік Сәлменов пен атырулық Арман Қалиев қолаға қол созды.