Алматыда «Әдемі Бизнес Азия» Жаңа жылдық фестивалі өтіп жатыр. Пандемияға байланысты барлық оқиғаларды онлайн режимінде көруге болады. 27 желтоқсанға дейін фестиваль қатысушылары мен сауда орталығының қонақтары отандық өндірушілер жәрмеңкесінен кәдесыйлар тауып, танысады, шеберлік сыныптары мен семинарларға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа форматтағы фестивальге Есімғали Жұманов, Лилия Позднякова, Дәуренбек Бекназаров, Алмас Нұрғожаев, Дина Буксикова, Ерсайын Жапақ, Гүлжанат Қабижанова, Георгий Ли, Зейнелхан Мұхамеджан сынды жаңа есімдер мен танымал таланттардан құралған 9 адам өз туындыларын ұсынып отыр.
Фестиваль алаңында жаңа жылдық сатылымдар, сұлулық пен сән индустриясынан цифрлық және маркетинг саласында мамандардан мастер-кластар өткізіледі. Әлеуметтік желілерде көрсетілетін үлкен сахнада бизнес-саланың әр түрлі топтарының білгірлері осы қиын жылды қалай бастан өткергендерін айтып, тәжірибелік кеңестерімен бөліседі.
Қазақстандық суретшілердің жұмыстары көрмесіне және арт-менеджмент бойынша шеберлік сыныптарына бөлек аймақ арналған. Фестиваль арт-залының кураторы – сыншы, арт-менеджер, кәсіби өнер дилері, өнертанушы Дина Дуспулова.
Фестивальдің мақсаты – бір алаңда бизнес қауымдастық пен кәсіпкерлікті қолдау институттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің басын қосу.
«Иә, күрделі уақытқа қарамастан, біз фестивальді екі форматта – оффлайн және онлайн режимінде ткізіп отырмыз. Бизнеспен айналысатын адамдар қашан да әдемі. Сондықтан фестивальдің атауы да – «Әдемі бизнес, Азия». Ал астрология бүгінде былай дейді: «Желтоқсан – біз 18,5 жылға арналған бағдарламалық код жазатын уақыт. Бұл маңызды таңдау: дұрыс емес нәрсе жасау, жоғалту, сындыру, жою, ренжіту және 20 жылға жуық уақыт бойына көңілсіз жүру немесе өз-өзіңе деген сенімділікпен көршіңе, әлемге деген сүйіспеншілігің мен құрметіңмен батыл және шешімді әрекет ету кезеңі. Мен де сені қолдаймын, сен де мені қолда. Өз кезегінде бізді Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялар, серіктестеріміз бен достарымыз да қолдады», дейді AV OVO агенттігінің директоры, фестиваль ұйымдастырушысы Виктория Шин.
Пандемия жағдайында нетворкинг алаңын құру да өзіндік сынақ деп есептейді фестивальдің маркетологы және ұйымдастырушысы Сергей Конев.
Ең бастысы, соңғы бір жылда барлығы бірегей тәжірибе жинақтады. 2020 жыл бұрынғы өмірге оралмайтын нүктеге айналды. Пандемия әлемді тым өзгертті.
«Бізге енді жаңаша ойлау керек. Адамдардың көпшілігі пандемия кетіп, бұрынғы күндерге қайта оралатындығына сенеді. Алайда енді өмір бұрынғыдай болмайды - бір нәрсе міндетті түрде өзгереді. Сондықтан біз қазіргі шындықтың сын-қатерлерін қабылдай отырып дәстүрлі желіге сандық элемент қосамыз, барлық танымал платформаларды – YouTube, TikTok, Instagram, Facebook-ты байланыстырамыз. Мысалы, әлі де талай адам TikTok-та қалай сатуға болатынын түсінбейді. Сондықтан осы әлеуметтік желіде қалай «алға жылжуды» айтып беретін спикерді шақырдық. Сіз бизнесмен болсаңыз да, үй шаруасындағы болсаңыз да, бәріне ақша табуы керек», дейді Сергей Конев.