• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Желтоқсан, 2020

Параны айтарлықтай көлемде бергендердің ісі бұдан былай ауыр қылмыс түріне жатады

118 рет
көрсетілді

Параны айтарлықтай көлемде бергендердің ісі бұдан былай ауыр қылмыс түріне жатады. Бұл туралы толығырақ ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қылмыстық жауапкершілік заңсыз сыйақыны алушыларға ғана емес, делдалдар мен пара берушілерге де күшейтілді. Мәселен, параны айтарлықтай көлемде бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылса (бұл ауырлығы орташа қылмыс саналып келген), жаңа редакцияға сәйкес, жаза 7 жылға дейін ұзартылған.Яғни бұл қылмыс автоматты түрде ауыр қылмыс түріне енгізілді. Тиісінше олар мерзімінен бұрын босап шығу құқығынан айырылып, бірден қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеу мүмкіндігіне ие болмайды», деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, халық жемқорлыққа қарсы күрестің күшейтіліп келе жатқанын түсінуі керек. «Параны алғандар да, бергендер де қатаң жазаланады», деді ол.