• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2020

Рудныйда өрт шыққан пәтерден екі адамның денесі табылды

129 рет
көрсетілді

Қостанай облысы Рудный қаласындағы бес қабатты үйден шыққан өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өрт туралы хабар 21 желтоқсан күні сағат 00:55-те кезекші пультіне түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде тұрғын үйдің екінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерден түтін шығып жатты. Құтқарушылар  32 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Жанып жатқан пәтердің есігін арнайы құралмен ашуға тура келді. Өрт сағат 01:35-те толық сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт отты абайсыз қолданудан шыққан», деп мәлімдеді  облыстық ТЖҚ-нің баспасөз орталығы.

Отқа оранған пәтердің ішінен 61 жастағы үй иесі мен 1954 жылы туған  2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамның жансыз денесі табылған.