• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Руханият 22 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздікке тарту

210 рет
көрсетілді

Ұлттық музейдің атриумында еліміздегі ең айтулы мереке Тәуелсіздік күніне арналған «Алтын қыранның» жарық-дыбыстық қойылымы өтті.

Іс-шараның мақсаты – музей саласын дамытуда заманауи же­тіс­тіктерді кеңінен пайдалану ар­қы­лы ұлттық-рухани және та­ри­хи-мәдени құндылықтарды дәріптеу.

Қазақстанның мемлекеттік туын бейнелейтін аспан іспет­тес көгілдір түстің аясында егемен­дігіміздің басты нышанына ай­­нал­ған жиырма метрлік «Алтын қыран» жайылып тұр.

Геральдика дәстүрінде ас­панға ұқсас көгілдір түс – заң­ғар биіктікті, бейбітшілік пен молшылықты, күн – байлық пен құнарлылықты, ал қыран бейнесі – күшті, билікті және қырағылықты білдіреді.

Кіреберістегі сол жақ қабыр­ғада орналасқан Қазақстан картасы бейнеленген үлкен медиа-экраннан – еліміздің жазиралы жазығы мен сайын даласы, сондай-ақ мәдениет, спорт және өнердегі жетістіктерге арналған бейнеролик көрсетілді.

Алтынмен қапталған қыран құс пен тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктеріне арналған бейне­көрініс, кімнің болсын кеу­десінде еліне деген мақтанышын оятып, патриоттық сезімін арттырары сөзсіз.

Айта кетейік, ұлттық музейде «Алтын қыранның» жа­рық-дыбыстық қойылымы Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жыл сайын дәстүрлі түрде өтпек.