• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Желтоқсан, 2020

Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймақта"

430 рет
көрсетілді

Еліміздегі 22 желтоқсандағы эпидемиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысы "сары" аймаққа кірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы хабарлағандай, 21 желтоқсандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Атырау облысы, ал "сары" аймақта Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары болған. Қалған өңірлердің бәрі де "жасыл" аймақта еді.

Ал бүгін таңертең орталық өкілі "сары" аймаққа Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысы кіргенін мәлімдеді. Сөйте тұра, Атырау облысы әлі де "қызыл" аймақта тұр.

Енді "сары" аймақта бес өңір мен бір қала, ал "қызыл" аймақта бір облыс бар. Қалған өңірлердің бәрі "жасыл аймақта".