Қостанай облысында жол жиегінде тұрған вагон контейнері өртеніп, 1967 жылы туған әйел қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Арқалық-Торғай» тасжолының бойында болған. Өртенген контейнер жол жөндеуші мердігер ұйымға тиесілі. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Алдымен вагон ішіндегі кереует жанған. Алдын ала болжам бойынша өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болған. Өртеніп жатқан контейнер ішінле 1967 жылы туған әйел қалып қойған. Ол мердігер ұйымның аспазы болуы мүмкін. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.