• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Желтоқсан, 2020

Үшінші мегаполисте қорғасын және мыс өнімдерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

316 рет
көрсетілді

«Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 12 000 тонна қара қорғасын және 1 600 тонна қара мыс өндіруге қауқарлы, деп жазады Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Шымкент Смелтинг» ЖШС-гі қорғасын және мыс өнімдерін өндірумен қатар түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі бар.

Өндіріс ошағындағы Қытай технологиясымен жабдықталған пештер металдарды өндіруде экологияға зиянды қалдықтарды шығармайды. Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 200 адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт қорғасын өнімін Өскемен қаласына, ал, қара мысты Ресей еліне жөнелтеді.

«Оңтүстік» индустриялды аймағы 2010 жылы құрылған. Бұл республиканың ең алғашқы өнеркәсіптік алаңы. Жалпы ауданы 337 гектарды құрайды. Портфолиосы шамамен 90 млрд теңгені құрайтын 87 жобадан тұрады. 7300 адам жұмыс істейді.

Айта кетейік, жалпы қала аумағында 2020 жылға жоспарланған 21 жобаның бүгінгі күнге дейін құны 17,4 млрд. теңге болатын 17 жоба іске қосылған. Онда 725 жаңа жұмыс орны құрылған. Ал, қалған төрт жоба жыл соңына дейін іске қосылатын болады.