Өткен тәулікте 11 қазақстандық коронавирус пен covid-19 белгілері бар пневмонияның құрбаны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, тоғыз науқас коронавирустан, екеуі пневмониядан қайтыс болды.
Пандемия басталғалы 148 708 адам коронавирус жұқтырды, 2 209 адам қайтыс болды. 44 795 адам Covid-19 белгілері бар пневмонияға шалдықты, 481 адам қайтыс болды.
23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 863 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 4 437 пациент стационарда, 20 426 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың арасында 239 адамның жағдайы ауыр, 50 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 49 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.