• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2020

Жамбыл облысында танымал спортшының бір үйір жылқысы қайтарылды

1693 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы жайылымнан 26 жылқы ұрланды. Белгісіз біреулер айдап кеткен үйір еркін күрестен чемпион, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, спортшы тәртіп сақшыларына жылқыларын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтып арызданған. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі (мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.

Сонымен қатар мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бұған дейін мал ұрлығы үшін екі рет сотталған болып шықты.

Ер адамның мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жылқылар иесіне қайтарылды.