• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Желтоқсан, 2020

Қазақстанға шетелден 1759 әуе жолаушысы келді

115 рет
көрсетілді

22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді.

1 759 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 610 адам, анықтамасыз 149 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:  Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 381 жолаушы, анықтамамен - 1 239, анықтамасыз - 142;  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 378 жолаушы, анықтамамен - 371; анықтамасыз - 7. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 21 желтоқсанда анықтамасыз келген барлық 78 ҚР азаматтарының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.