• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Желтоқсан, 2020

Алматы облысында ауруханада нәрестелерге арналған патология бөлімі ашылды

361 рет
көрсетілді

Алматы облысы көпсалалы клиникалық ауруханасында жаңа туған нәрестелерге арналған патология бөлімі ашылды. Енді мұнда шұғыл медициналық көмекті қажет ететін сәбилерге барлық жағдай жасалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ауруханада осыған дейін патология бөлімі болмаған. Ауыр жағдайда босанған аналарды, шала туған балаларды қаладағы балалар ауруханасына, арнайы ғылыми орталықтарға апару керек болатын. Бұдан былай бұл өзекті мәселенің түйіні шешілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Алматы облысындағы ірі медициналық мекеме. Бұл мекемені дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, доцент Қарлығаш Жұбанышева басқаратын болады. Қалған дәрігерлер де шет елдерде білімін шыңдаған білікті мамандар.

Мұнда ультрадыбыстық зерттеу апараттары, жасанды тыныс алу құрылғылары және басқа да құрал-жабдықтар бар.Жаңадан ашылған бөлім 10 орынға арналған.

Соңғы жаңалықтар