• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2020

Қазақстанда педофилдерге рақымшылық жасалмайды: Заң президентке жіберілді

332 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары педофилдердің жазасын қатаңдатуға бағытталған заң жобасына сенат енгізген толықтыруларды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс "кейбір заңнамалық актілерге президенттің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген толықтыруларды қарады.

Бұл заң жобасында педофилдердің жазасын қатаңдатуға бағытталған нормалар қарастырылған. Оның ішінде балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайды және түрмеден мерзімінен бұрын босатылмайды. Сонымен қатар олар жазасын қатаң режимдегі мекемеде ғана өтейтін болады.

Бұған дейін Сенат депутаттары оған бірқатар толықтыру енгізіп, Мәжіліске жіберген болатын. Мәжіліс Парламенттің жоғарғы палатасының толықтыруларымен келісті.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев заң жобасын парламенттің жоғарғы палатасында қарау кезінде елімізде балаларды қорғау саласында нақты алдын алу саясаты жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы бағыт аясында педофилдерді қылмыстық жазалау шаралары едәуір күшейтіліп отыр.

Мәжіліс сенаттың толықтыруларымен бірауыздан келісіп, заң мемлекет басшысына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар