• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2020

Павлодар облысында 350 келі балық тәркіленді

220 рет
көрсетілді

Павлодар облысында заңсыз ауланған 350 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz. Полицияның хабарлауынша, ірі көлемдегі балық Шығыс Қазақстан облысы тұрғынынан табылды.

2020 жылдың 20 желтоқсанында Павлодар облысының полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Май ауданындағы рейд кезінде Қаратерек ауылының жанындағы Ленин-Курчатов автожолында УАЗ автокөлігін тоқтатқан.

Көлікті Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны айдап келе жатқан. Тексеру кезінде автокөлік салонынан тиісті құжаттары жоқ ірі көлемдегі мөңке балық пен тор табылды. Көлік жүргізушісінен жалпы салмағы 350 келі балық, сондай-ақ ұзындығы 100 метр тор тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігі негізінде  (балық, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар