• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2020

Республика көлемінде іздеу жарияланған күдікті ұсталды

485 рет
көрсетілді

Түркістан облысында бір жыл бұрын болған тонау ісіне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.  Полицияның хабарлауынша, Келес ауданы полициясына 2019 жылдың қазан айында жергілікті тұрғын арызданып келген.

Жәбірленуші ер адамның айтуынша, кешкі сағат 20:30 шамасында оның үйіне белгісіз азамат заңсыз кіріп, үстел үстінде тұрған ОРРО маркалы ұялы телефонын ашық түрде алып кеткен. Қарсылығына қарамастан дөрекілік танытып, яғни бөтеннің мүлкін иемденіп, қашып кеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңге.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-текссерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Оқиға орнына Келес полиция бөлімінің тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы жіберілді.

Ашық түрде тұрғынды тонаған күдіктіге республика көлемінде іздеу жарияланды. Келес аудандық сотымен оған сырттай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Жылға жалғасқан жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Келес ауданының полиция қызметкерлері тонау қылмысына қатысы бар күдіктінің ізіне шықты. Күдікке ілінген азамат Нұр-Сұлтан қаласындағы көшелердің бірінде қолға түсті.

Ұсталған жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті қылмыс жасайтын күні көше бойында мас халде келе жатып, өзгенің ашық тұрған қақпасы арқылы  кірген. Тонау жолымен алынған ұялы телефонды 40 мың теңгеге сатып жіберіп, сол ақшамен Нұр-Сұлтан қаласына кеткен.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар