• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында ас тұзы өндіріледі

548 рет
көрсетілді

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидың мәлім етуінше, ас тұзын өндіретін зауыттың құрылысы аяқталуға жақындады. Қазір зауытқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мен мамандарды оқыту қолға алынды. Аталған зауытта жергілікті 60 адам жұмысқа тартылады. Зауытта сағатына 25 тонна ас тұзы өндіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Ал облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Абдуахит Әбішевтің айтуынша, биыл үш жоба іске қосылды. Бұл – «BEST MODULE» ЖШС-ның метал өңдеу зауыты, Доктор Хаус ЖШС-нің «Медициналық бетперделер өндірісі» және Құрманғазы ауданынан «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.  Бұлардың әрқайсысында 40 жұмыс орны бар.

«Биылғы қаңтар-қараша айларында өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 481,8 млрд теңгені құрады.  Жыл басынан бергі айда айда өңдеуші өнеркәсіптегі экспорт көлемі 758,9 млн АҚШ долларына жетті. Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталға 185,0 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл саладағы еңбек өнімділігі алты айда 1 адамға 31,5 мың АҚШ долларын құрап, нақты көлем индексі 106,3%-ға артты» деді Абдуахит Әбішев.