• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2020

СҚО тұрғынының үйінен наган табылды

137 рет
көрсетілді

СҚО ПД қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғынынан 1944 жылы жасап шығарылған алты патроны бар заңсыз сақталған «наган» револьверін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сараптама нәтижесі қарудың атуға жарамды екенін анықтады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізуде. Соның ішінде «алтыатардың» басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы