Атыраудағы облыстық балалар ауруханасы жанынан оңалту орталығы ашылды. Енді мұнда ерекше күтімді қажет ететін балалар тегін оңалту курсынан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Оңалту орталығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылды. Орталықтың көмегіне жүгінушілерге 21 маман медициналық оңалтудың екі не, үш кезеңін өткізеді. Мұнда айына 50, жылына 600 баланы қабылдау көзделіп отыр. Балаларға көрсетілетін оңалту курсының мерзімі – 21 күн.