Талдықорған қалалық әскери госпиталінің бастығы, медицина қызметінің полковнигі А.М.Көлбаев 11 млн. теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ал аталған аурухананың аға медбикесі А.Д.Азимахуноваға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Олар заңсыз ақша алған деген күдік келтіріліп отыр.
«Атап айтқанда, қызметкердің коронавируспен күрес үшін жалақысына қосылған қаржының 50% немесе 1 млн теңгесін оның сеніміне кіре отырып, алдап алған. Бұл ретте оған жеке еңбек келісімшартының мерзімін ұзартып беруге «қамқорлық» жасаймын деп уәде берген деген күдік келтіріліп отыр», деп хабарлады сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлері істің мән-жайына тоқтала келе.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Көлбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.