• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында 60 жастағы ер адам табылмай жатыр

1788 рет
көрсетілді

Атырау облысының Құрманғазы ауданында жоғалып кеткен 60 жастағы ер адам табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ер адамның жоғалғаны туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне 21 желтоқсанда сағат 15:55-те түскен. Содан бері жоғалған адамның қайда екені белгісіз болып отыр.  

«Шортанбай ауылындағы жұмысынан шыққан 60 жастағы азамат Көптоғай ауылына бармақ болған. Бірақ үйіне жетпей жоғалып кеткен», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Оны іздеуге Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудандық полиция бөлімі мен Шортанбай, Көптоғай ауылдық округтерінің қызметкерлері, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардан 65 адам жұмылдырылды.