• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2020

Шымкенттегі 6 нысанның жол-құрылыс жұмыстары аяқталды

483 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында 2020 жылы 261 нысан немесе 416,8 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 228 нысаны немесе 287,9 шақырым жол ағымдағы жылы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2021 жылы автомобиль жолдарын дамытуға 32,3 млрд. теңге қаржы бөлінуде. Жалпы 128 нысан немесе 253,1 шақырым жолдар құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады.

Бүгінде қалада ұзындығы 13,3 шақырымдық 3 құрылыс және 3 қайта құру нысандары пайдалануға тапсырылуда. Атап айтқанда, Астана даңғылының жалғасы (2,7 шақырым), Арғынбеков көшесінің құрылысы (3,0 шақырым), Ақтас шағынауданы №61 мектепке кіреберіс жолының құрылысы, Жібек жолы, Төреқұлов көшелерін қайта құру (2,2 шақырым) жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, қалада Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолайрық құрылысы басталған болатын. Қазіргі уақытта нысанда газ, су құбырларын және электр желілерінің орнын ауыстыру, тоннелде тіреу қабырғаларын орнату және уақытша жоғары вольтты (ВЛ-110) электр желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 3,3 шақырымдық инженерлік желілер және 7500 текше метр жер жұмыстары орындалды. Ағымдағы жылға қаралған 550 млн теңге толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстарының ІІ-кезеңін 2021 жылдың қаңтар айында бастау жоспарлануда.