• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Желтоқсан, 2020

Қазақстандық вакцина қашан шығады?

229 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандық вакцинамен егілген алғашқы еріктілердің бірі болған білім министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. 

«Отандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеуден өтті, бірінші және екінші фазадан өтіп, клиникалық зерттеудің шешуші үшінші фазасына келді. Біз бәрін хаттамаға, халықаралық стандартқа және талаптарға сәйкес жасап жатырмыз. Барлық принциптер мен барлық нормаларды сақтауымыз керек. Бұл өте маңызды, өйткені әңгіме халықтың қауіпсіздігі жайында болып отыр, сондықтан біз әрбір рәсімі бойынша барлық талаптарды сақтаймыз. Наурыз айының ортасында бұл вакцинаны шығарып, азаматтарды вакциналай бастауды жоспарлап отырмыз», деп жауап берді министр.