• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Желтоқсан, 2020

Бауыржан Исламхан футболдан шеттетілді

435 рет
көрсетілді

Журналист Айдин Қожахмет өзінің Telegram-каналында футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан 2 жылға ойындардан шеттетілгенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитетінің  шешімі бойынша Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілді. 

Еске сала кетейік, ол 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында "Әл-Садд" командасына қарсы кездесуден кейін допинг-сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған еді.