• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2020

Мемлекеттік органдар корпоративтік кештерден бас тартқаны жөн

120 рет
көрсетілді

Қызылордада мемлекеттік органдар Жаңа жыл мерекесін ұжымдық тойлаудан бас тартқаны жөн. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz

Департамент басшысының орынбасары бұл карантин талабын сақтау үшін қабылданған шешім екендігін баса айтты. Шектеу талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметшілерге шара көрілетіндігін ескертті.

Сондай-ақ, өзгеріс енгізілген заңнамаға сәйкес, енді мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелеріне де сыйлық алуға болмайды. Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар 7 күн ішінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне және оның аумақтық органдарына тапсырылуы тиіс.