• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 25 Желтоқсан, 2020

ХХІ ғасырдың үздіктері

139 рет
көрсетілді

Give Me Sport басылымы ХХІ ғасырдағы ең үздік 50 кәсіпқой боксшының тізімін жария етті. Солардың қатарында біздің Геннадий Головкин де бар.

Бұл күндері орта салмақта күш сынасып жүрген 38 жастағы қазақстандық боксшы үшінші орынға жайғасты. Әрине, таңдануға болайды. Кәсіпқой рингте жұдырықтасып жүргеніне 15 жылға жуықтан қалған GGG барлығы 43 кездесу өткізіп, 41 рет жеңіске жетті. 36 қарсыласын нокаутқа жіберді. Бір рет ұтылып, бір бәсекеде тең есеп тіркелді.

Геннадий Головкиннің алдын тек Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер ғана орап тұр. 42 жастағы Филиппиннің өкілі ширек ғасырдан аса уақыт бойы шаршы алаңды армансыз шайқап келеді. Сол аралықта 71 рет жекпе-жек өткізген Пакьяо тек жетеуінде ғана ұтылды (62 жеңіс, 2 тең). 39 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Ал 43 жастағы АҚШ-тың саңлағы Мейвезер 1996 жылдан бері 50 бәсекесінің барлығын өз пайдасына шешті.

Сондай-ақ «ТОП-10» боксшының қатарына Рой Джонс, Владимир Кличко, Сауль Альварес, Леннокс Льюис, Оскар де ла Хоя, Бернард Хопкинс және Джо Кальзаге сынды саңлақтар еніп отыр.