• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Желтоқсан, 2020

Халыққа қызмет көрсету орталығында QR-код арқылы қызмет алуға болады

432 рет
көрсетілді

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы QR-код арқылы қызмет алудың оңтайлы жолын ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді Шығыс Қазақстан облысының әрбір ХҚО-да осы өңірдегі азаматтарға арналған үкімет филиалы директорының және оның ХҚО-да жұмысты ұйымдастыру жөніндегі орынбасарының, сондай-ақ PR-менеджердің ресми аккаунттарына сілтеме жасайтын QR-кодты әр филиалдың қабырғасына ілінген стендтен таба аласыз.

Әркім код арқылы өтіп, филиал директорына немесе оның орынбасарына жеке хат жазып, пікір немесе шағым қалдыра алады. Сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату үшін сенім телефоны да бар.

«Халыққа қызмет алуда ыңғайлы жағдай қалыптастыру, көрсетілетін қызметтердің оңтайлануына септігін тигізу мақсатында шығысқазақстандықтармен әрдайым байланыста боламыз» - деді филиалдың PR-менеджері Мөлдір Зауретқызы.