• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2020

Шығыс Қазақстанда жол бойында жиналған қар жасанды жолмен түсірілді

208 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында «Қазселденқорғау» филиалының бақылаушылары жүргізген мониторингтен кейін, көшкін жүру қаупі бар беткейлердегі жиналған қар жасанды жолмен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың айтуынша, күре жолдарды басып қалу қаупі бар беткейлерде 70 сантиметрдей қар жиналған.

«Биыл Өскемен – Таулы Үлбі, Өскемен – Алтай, Өскемен – Самар автожолдарында жасанды жолмен алғашқы көшкіні түсірдік. Алдағы мерекелерде халық ауылдарына, демалыс базаларына еш үрейсіз шыға берулеріне болады», деді «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының директоры Омар Дүзгембаев.

Жүргізілген 10 жарылыстың нәтижесінде 4 470 текше метр қар массасы түсірілді.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі бар учаскелер саны 497 болса, олардың 336-сы нысандар мен адам өміріне қауіп төндіреді.