• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Өнер 26 Желтоқсан, 2020

«Қыз Жібек» қайта жаңғырды

818 рет
көрсетілді

Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы 86 жылдан бері Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының үлкен сахнасында қойылып келеді. Қайғылы махаббат, адалдық және құмарлық тарихы 26 желтоқсанда алғаш рет қайта жаңғырады, деп жазады Egemen.kz.

Премьера күндері «Қыз Жібек» операсы режиссер - Михаил Панджавидзе (Ресей, Мәскеу), дирижер – Қанат Омаров, суретшілер – Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов, хореографтар – Гүлжан Түткібаева мен Айгүл Тәтидің режиссура мен сценографиядан табылған ерекше шешімдерімен еліміздің бас театрының үлкен сахнасында жаңаша дүниеге келіп, жаңаша шырқалады.

«Қыз Жібек» операсының премьерасы композитор Евгений Брусиловскийдің, спектакльдің бірінші режиссері Құрманбек Жандарбековтің және бас партияны Орындаушы Қанабек Байсейітовтің 115 жылдығына орайластырылған. Олардың шығармашылығы қазақ ұлттық опера өнері мен кәсіби музыка мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. «Қыз Жібек» лирикалық-эпикалық операсы-ұлттық музыка өнерінің алтын қорын құрайтын алғашқы қазақ операсы.

Дирижер үшін музыкалық материалмен жұмыс жасауда партитураға толығымен енуге мүмкіндік беретін эмоционалды байланыстарды, сөз тіркестерін, сахнаны түсіну өте маңызды. «Қыз Жібек» операсында мен үшін осындай байланыс түрі әйел бейнелері болды.

Мысалы, Жібекпен ассоциацияланып, бүкіл операдан өтетін «Гәкку» басты тақырыбы кейіпкердің эмоционалды жағдайына сүйене отырып, ол бірде тұнық әрі сұлу, бірде қайғылы да беймаза, яғни әр сәтте әр түрлі естіледі», театрдың бас дирижері Қанат Омаров.

«Қыз Жібек» операсы – әлемдік мұраның қазынасы. Ромео мен Джульеттаның тарихынан басқа, әдебиеттанушылар бұл жұмыста бүкіл әлем әдебиетінен бірнеше сюжеттік желілерді көреді. Мен Орта Азияда, Түркіменстанда дүниеге келгендіктен халықтық дәстүрлермен жақсы таныспын, сол себептен де бұл маған жақын әрі түсінікті. Дайындық барысында мен қазақ халқының мәдениеті туралы көп нәрсе білдім және дәстүрлерді сақтау қажеттілігін жақсы түсінемін. Сонымен қатар, дәстүр арнасында мәңгі қалудың да мағынасы жоқ екенін түсінемін, өйткені спектакль, уақыт рухына сәйкес келмей, қызықсыз болып шығуы да мүмкін», деді театрдың қоюшы-режиссер Михаил  Панджавидзе.

«Қыз Жібек» операсының жаңа қойылымы – бұл көптеген музыкалық ықшамдаулар ашылған үлкен, толыққанды спектакль. Осының арқасында спектакльге «Қыз Жібек түсі» сахнасы қайта оралады.