Солтүстік Қазақстан облысында полиция қоғамдық орындарда үш күндік рейд өткізді. Осы уақыт ішінде қоғамдық орындарда мас болып жүрген 222 адамды ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа жыл алдындағы қауіпсіздікті сақтауды көздеген бұл рейдке полиция мен Ұлттық ұланның қатарынан 600 адам қатысты. Рейд барысында 25 қылмыс тіркелді, оның 17-сі ізін суытпай ашылды. Әкімшілік бұзушылықтың 1 265 фактісі тіркелді, соның ішінде 222 бұзушылық – қоғамдық орындарға мас болып келу.
Жол-көлік саласы бойынша 17 адамның рөлге ішімдік ішіп отырғаны анықталды. Сондай-ақ төрт жүргізуші бұрын жүргізушілік құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған. Ал отбасылық-тұрмыстық бұзушылықтар бойынша 60 факті тіркелді.
Айта кетейік, жаңа жыл алдында да полицейлер күшейтілген режімде жұмыс істейтін болады.