• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Хоккей 28 Желтоқсан, 2020

«Барыстың» кезекті жеңісі

260 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктің өз айдынындағы матчтар сериясын жеңіспен бастады.

«Барыс Арена» спорт кешенінде өткен ойында Хабаровскінің «Амур» ұжымын қабылдаған жерлестеріміз қарсыластар қақпасына бес шайба соғып, еш қиындықсыз жеңіске жетті. Кездесудің есебін 6-минутта Даррен Дицтен тамаша пас алған шабуылшы Якоб Лилья ашты. Екінші кезеңде есепті теңестіруді көздеген «Амур» ойыншылары 24-минутта өз дегендеріне жетті. Шайба авторы – Михал Йордан. Дегенмен кезең аяқ­талар тұста Роман Старченко мерген­дігі­мен көзге түсіп, «Барысты» есепте алға шығарды.

Үшінші кезеңде жанкүйерлер 4 шайбаның куәсі болды. 40-минутта Кёртис Волк алаң қожайындарының басымдығын одан әрі арттырса, 52-минутта Әлихан Әсетов осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Ал 57-минутта Якоб Лилья дубль авторы атанып, кездесудің нүктесін қойды. Матчтың соңғы минутында қонақтардан Доминик Машин есеп айырмасын қысқартқанымен, ойын нәтижесіне еш әсер еткен жоқ. Қорытынды есеп – 5:2.

Бұл – «Барыстың» кейінгі 10 ойындағы тоғызыншы жеңісі. Жерлестеріміз қазіргі таңда турнир кестесінде 43 ұпаймен 8-орында келеді. «Барыс» келесі кездесуін бүгін Сібірдің «Сібір» командасымен өткізеді.