• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 28 Желтоқсан, 2020

Тұрғын үй мәселесі шешіледі

213 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясынан депутаттыққа кандидаттар Петропавл қаласының 20-шағын ауданының тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Есжан Оразалин, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Владимир Бубенко және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Анатолий Казановский қала тұрғындарына партияның соңғы 5 жылдағы жұмысының қорытындылары туралы айтып, сайлауалды бағдарламасын таныс­тырды.

Есжан Оразалин отбасы инс­титутын нығайту, олардың мате­риалдық тұрақтылығын қамта­масыз ету, тұрғын үй алу үшін мүм­­кіндіктер жасау бойынша ша­ра­лар кешені қолданылатынын атап өтті.

«Біздің облыста шамамен 137,4 мың отбасы тұрады, оның ішінде көп балалы 3 243 отбасы. Nur Otanniń мақсаты – 2025 жыл­ға қарай облыс бойынша бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін 25,5 шаршы метр деңгейіне дейін жеткізу. Бұл үшін біз өңірде 89 көп пәтерлі тұрғын үй салу міндетін қойып отырмыз», деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Есжан Оразалин.

«7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша облыс тұрғындарын кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция­ларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін ынталандыру бойынша жұмыс жалғасады. Нәтижесінде, 16,7 мың сол­түс­­тік­қазақстандық отба­сы­ның тұрғын үй жағдайы жақсартылады.

Өз кезегінде, облыстық мәс­ли­хат депутаттығына кандидат Владимир Бубенко қала тұр­ғындарына денсаулық сақтаудың жаңа нысаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Петропавлда 510 төсектік қазіргі заманғы жабдықтармен көп салалы аурухана салынады. Онда жұмыс істейтін дәрі­герлер қажетті курстардан өтіп жатыр. Енді Нұр-Сұлтан, Ал­маты, Түмен, Новосібір, Омбы қалаларына барудың қажеті жоқ. Солтүстікқазақстандықтар осында білікті медициналық көмек алып, денсаулық мәселелерін шеше алады», деп атап өтті Владимир Бубенко.