Сербияның батысында микроавтобуспен саяхаттап жүрген бір топ ресейлік қарлы боранда қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасап.
Ресейдің ішкі істер министрлігі аталған жайт Белградтан батысқа қарай 200 шақырым жерде орналасқан Златибор массивінің туристік аймағында болғанын айтады.
«Төрт өрт сөндіру автокөлігі бар сегіз құтқарушы жаңа туған нәрестені, сондай-ақ 10 жастағы бала мен 6 ересек адамды эвакуациялады», делінген хабарламада.
СІМ ауа райының күрт бұзылуына байланысты жүргізушілерді қысқы құрал-сайманын сайлап шығуға және мұқият болуға шақырады.