• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында карантин шаралары күшейтіледі

381 рет
көрсетілді

Түркістан облысында алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына тыйым салынып, өңірде жаппай рейдтік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппарат отырысында коронавирустың таралуына жол бермеу үшін өңірде карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды.

Мереке күндері Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген күн тәртібінде қызмет атқарады. Азаматардың жаппай жиналу орындарында полиция жасақшыларының тығыздылығы күшейтілді. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 635 қызметкер 69 арнайы автокөлік жұмылдырылып, орналастыру жоспарымен бекітіліп, қызмет атқарады.

Бір апта ішінде облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырған 59 адам тіркелді. Соңғы тәулікте облыс аумағында қауіпті індет жұқтырған 16 адам анықталған. Олардың басым бөлігі шекара асып, алыс жолдан келгендер. Сырқаттанғандардың арасында жиын-тойлардан жұқтырғандар көп. Өңірде коронавирус инфекциясына шалдыққандардың арту қаупі де жоқ емес. Осы орайда алдағы ақпан – маусым айларында облысты 180 мың доза «Спутник-V» вакцинасымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.