27 желтоқсанда түн ортасында ШҚО ТЖД құтқарушылары Алматы-Өскемен тас жолының 805 шақырымында қалып қойған жолаушыларға көмекке келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рейстік Газель көлігі сынып қалып, ішіндегі 14 адам бірден «112» қызметіне көмекке жүгінген екен. Оқиға орнына келіп жеткен 22-ӨСБ қызметкерлері сынған көліктегі адамдарды, сондай ақ сол жердегі Камаз көлігіндегі 2 жүргізушіні алып кетті. Барлық адамдар Аягөзге жеткізіліп, осындағы орта мектептің біріне орналастырылды. Газель көлігі жолаушы көлікпен Аягөз қаласына сүйреп әкелінді.