Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ардагерлермен өткен кездесуде осы жылғы атқарылған жұмыстарды саралады, деп хабарлайды Egemen.kz
Басқосуда аға буын өкілдері қаланың гүлденуі мен әрі қарай дамуы үшін әрқашан кеңесуге дайын екенін жеткізді.
– Індетке байланысты өздеріңізбен ұзақ уақыт жүздесе алмадық. Алайда жаңа жыл қарсаңында шақыртуымызды қабыл алғандарыңыз үшін рақметімді жеткізгім келеді. Қаланы гүлдендіру жолында сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Алдағы жылы да, әр бастаманы сіздермен кеңесіп, бірлесе жұмыс атқаратын боламыз, – деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлы келесі жылғы жоспарлар жөнінде де қысқаша баяндады. Сөз соңында ардагерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ұзақ өмір, бақытты ғұмыр тіледі.
Кездесуде барлық санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталды.