• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2020

Қостанайда екі құс фабрикасы қайта жанданады

460 рет
көрсетілді

Қостанай облысы әкімдігінде өткен аппарат жиынында Арқалық қаласы мен Қарабалық ауданында жұмысы тоқтаған құс фабрикалары қайта жанданатыны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әкімдікке қарасты Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бисимбаевтың айтуынша, Қарабалық ауданындағы «Комсомол» құс фабрикасын қалпына келтіру және жаңғырту бойынша «Poultry-Agro» ЖШС жобасы іске асырылып отыр. Фабриканың жұмысы 2013 жылы тұралап қалған еді. Ал 2017 жылы ол банкротқа ұшырады. Құс фабрикасының Қарабалық ауданы әкімдігі мен «Қазагрофинанс» АҚ алдындағы қарызы 3 млрд теңгеге дейін жеткен.

«Қазагрофинанс» АҚ бұл жобаны іске асыруды 2009 жылы қолға алған. Сол кезде инвестжоба серіктестікке де, мемлекетке де ешқандай пайда әкелмеген. Бүгінде фабриканың барлық мәселелері шешілді.

«Жаңғыртудың бірінші кезеңінде жылына 5 мың тонна бройлер етін өндіру жоспарлануда, өндірістік қуаты 12,5 мың тонна етті құрайды. Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Фабриканың бүкіл өндірістік құрылымын жаңалауға шамамен 5,6 млрд теңге жұмсалады. Нәтижесінде 260 жаңа жұмыс орны пайда болады», дейді Тимур Бисимбаев.

Арқалық қаласындағы «Агроинтерптица» ЖШС жұмысын қалпына келтіру шаралары қабылданды. Кәсіпорынға қырылып қалған 450 мың құс үшін 482,5 млн теңге өтемақы төленген.

Еске сала кетейік, Арқалық қаласындағы қала құраушы кәсіпорын «Агроинтерқұс» ЖШС жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлаған едік. Елдегі жоғары патогенді құс тұмауының таралуына байланысты кәсіпорында 502 600 құс қырылды.