• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Желтоқсан, 2020

Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

1842 рет
көрсетілді

Қазақстан тәуелсіздігін ал­ған күннен бастап мемле­кет­тік сая­саттың басым ба­ғыт­­тарының бірі – ұлт­тық қауіпсіздікке нұқсан кел­ті­ретін және елдің дамуын тежейтін әлеуметтік дерт ретінде сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл.

Бүгінде осы қауіпті, келеңсіз құ­былыспен күрестің алдыңғы ше­біне бүкіл қоғамның күш-жігерін бі­ріктіру арқылы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ымырасыз іс-қимыл жүзеге асырылуда. Бұл жерде үлкен үміт жас ұрпаққа жүктеледі. Нақ осы жастар сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құру­ға және мемлекетіміздің өркенде­уін қамтамасыз етуге қабілетті аға ұр­пақтың мұрагерлері болуы тиіс.

Жас қазақстандықтардың алдында кәсіби өсу мен өз күш-жіге­рін ашуға үлкен мүмкіндіктер бар. Алайда бірінші кезекте, қазіргі заманғы жастардың жеке басының берік адамгершілік негіздері, аза­маттық ұстанымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құ­лықтың орнықты дағдылары болуы тиіс. Бұл қасиеттер болмаса, бәсекеге қабілетті және дамыған мем­лекет құру оңай болмайды.

Халқымызда «Тәрбие – тал бе­сіктен» деген есті сөз бар. Баланы тәр­­биелеу шынымен бесіктен бас­талады. Ол дүниеге келген сәттен бастап адам қоғамның бір бөлігіне айналады. Оның одан әрі дүниета­ны­мы мен қоғамдағы мінез-құлқы оның отбасында, балабақшада, мектепте және университетте алатын барлық білімі мен тәжірибесі оған қаншалықты дұрыс берілетініне байланысты. Сондықтан қазірдің өзінде өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық идеологиясын іл­ге­­­­рі­­летуге негізделген сыбайлас жем­­­­қорлықты мүлдем қабылдамау мә­­де­ниетін қалыптастыру өте ма­ңыз­ды.

Парасаттылық – қоғамдағы сая­си, сондай-ақ әлеуметтік және эко­номикалық тұрақтылықтың не­гізі. Ол адалдық, әділдік, сатылмау­шы­лық, заңға құрмет, патриотизм сияқ­ты құндылықтарды біріктіреді. Парасатты қоғамда аза­маттар ере­желерді өздері үшін емес, ортақ игі­­лік үшін ұстанады, жеке емес, қо­ғамдық мүдделерге басымдық береді.

Өткен жылдың соңында қа­был­данған заңнамалық түзетулерге сәй­кес департамент білім беру, ақ­параттық және ұйымдастыру шараларын іске асыру жолымен қоғамда, оның ішінде жас ұрпақ арасында парасаттылық қағидатта­рын белсенді енгізуде. Осы тұрғыда біз облыстың білім беру мекеме­ле­рі­мен бірлесіп жүйелі негізде «Адалдық алаңы» жобасының аясында тиісті жұмыс жүргізіп жа­тырмыз. Жыл ба­сында департамент «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және өңірдің жо­ғары оқу орындары арасында білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жаппай қа­былдамауды қалыптастыруға ба­ғытталған «Саналы ұрпақ» жобасын бірлесіп іске асыра отырып, ын­тымақтастық туралы үшжақты ме­морандумға қол қойылды.

Өскелең ұрпақ арасында жоғары адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастыру мақсатында оқу орындарында 551 «Адал ұрпақ» және 37 «Саналы ұрпақ» ерікті клубтары жұмыс істейді. Осы бірлестіктердің қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі дебаттар, кездесулер, тренингтер, сурет конкурстары, акциялар, челлендждер, брейн-рингтер, әлеуметтік сауалнамалар және басқа да іс-шаралар үнемі ұйымдастырылады.

Биыл эпидемиялық жағ­дай ­ахуа­лында облыстың белсенді жас­­тары арасынан шыққан ерікті клуб­­тар өкілдерінің жыл сайынғы облыс­­тық слетін өткізу онлайн формат­та жүр­гізілді. Оған 200-ге жуық оқу­шы­лар мен студенттер қатысты. Ша­­ра­ның бағдарламасы сыбайлас жем­­қор­лықтың алдын алу және қо­­ғам­ның сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мәдениетін қалыптастырудың өзек­ті мәселелерін талқылауға арналды.

Сондай-ақ мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттері үшін телеарналар мен әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың рухани мұрасын танымал ету арқылы адамгершілік құндылықтар мен білімді сіңіруге бағытталған «Адалдық сағаттары» бейне-дәрістер таратылады.

Волонтерлер жылы аясында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өтетін «Біргеміз» ерік­тілердің облыстық бас қосуында сөз сөйлей отырып, мұқтаж жан­дар­ға тегін көмек және қамқорлық көрсетіп, құштарлығы бар жас­тар­дың «Ізгілік елшілері» рө­лін атқаратынын атап өттім. Өйт­кені жаңа буындағы азаматтарды гуманизм, мейірімділік және жа­нашырлықпен тәрбиелеу парасат­тылық идеологиясының іргелі не­гіздерінің бірі.

Жастар мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру бойынша өз идея­ла­ры мен ұсыныстарын енгізуі үшін департамент белсенділермен бір­лесіп «Идеялар фабрикасын» ұйым­дастыруда, онда интерактивті форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланады, студенттер сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру жөніндегі жобаларды ұсынады.

Жас ұрпақтың бойында құнды­лық­тың дұрыс бағыттары мен бағ­дарларын қалыптастыруға өз балалары мен жақындарының жарқын болашағы үшін азаматтарды пара­сатты өмір салтына шақыратын сы­байлас жемқорлыққа қарсы сипат­тағы әлеуметтік бейнероликтер де көмектеседі.

Қазіргі өскелең ұрпақ – бұл біздің болашақ заңгерлеріміз, дәрігерлер, мұғалімдер, құрылысшылар, әскери қызметшілер және олардың өз саласында қаншалықты сауатты маман болатындығы, көбінесе үлгі болуға тиіс аға ұрпаққа байланысты.

Әділеттілік, парасаттылық және сенім еліміздің әрбір жас азаматы үшін басты құндылықтар болатынына сенімім мол.

 

Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы