• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Желтоқсан, 2020

Оралда ұландықтар балаларға жаңажылдық сыйлық таратты

349 рет
көрсетілді

Жаңа жыл қарсаңында Орал қаласындағы 5517 Ұлттық ұлан әскери бөлімі қызметкерлері ұжымдағы көп балалы отбасы балаларына жаңажылдық сыйлық таратты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Карантинге байланысты біз балаларды жинап, шырша мерекесін өткізе алмадық. Алайда көп балалы әскери қызметшілердің отбасындағы 30-дан астам баланың үйіне барып, арнайы құттықтадық. Оларға тәтті сыйлық, азық-түлік жиынтығын жеткіздік. Бұл балалар – ертеңгі мемлекеттік қызметкерлер, ғарышкерлер, әртістер, дәрігерлер, әскери қызметкерлер ғой. Сондықтан жас ұрпақ үшін барлық жағдайды жасау біздің, ересектердің басты міндеті», дейді 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Ербол Антай.

Әскер киімін киген көмекшілерін ерткен Аяз ата мен Ақшақарды бүлдіршіндер қуана қарсы алды. Жаттап алған тақпақтары мен өлеңдерін жарыса айтып, Аяз атаның қоржынынан шыққан сыйлыққа мәз болысты.

– Жаңа жыл қарсаңында әскери қызметшілердің балаларды құттықтауы – біздің бөлімде жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналған. Бұған балалар да, олардың ата-аналары да ерекше қуанады. Келе жатқан жаңа жылдың қуанышты және бақытты сәттері көп болсын! – дейді 5517 әскери бөлімдегі әйелдер кеңесінің төрайымы сержант Зыиха Оразаева.