• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қаңтар, 2021

Теңіз кенішіндегі қойма отқа оранды

394 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы ең ірі кеніштің бірі – Теңіз. Кеше осындағы вахталық кентте орналасқан  қойма отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«31 желтоқсанда Теңіз кенішіндегі өндірістік алаңнан тыс вахталық кенттегі мердігерлік мекеменің қоймасы өртенгені белгілі болды. ТШО-ның өрт-авариялық қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Ғимараттан барлық қызметкер эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады» делінген «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өрт туралы тиісті органдарға хабарланыпты. Енді қойманың неден өртенгені тексеру кезінде анықталады.