• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылады

314 рет
көрсетілді

City Transportation Systems компаниясы Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, компания 3-4 қаңтарда барлық автобустар  түнгі 23:00-ге дейін ғана қатынайтынын айтып өтті.