• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 12:16

Мұхтар Тайжан: «Almaty Superski» жобасы 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуы мүмкін

Алматыда өткен «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдауда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан тау шаңғысы курортының экономикалық және әлеуметтік тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, жоба мегаполистің туризм саласына серпін беріп, мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спикердің сөзінше, жобаға салынатын инвестиция өзін қысқа мерзім ішінде ақтай алады.

«Егер инвестиция көлемі шамамен 1 миллиард еуро болса, бұл жоба 3-5 жыл ішінде өзін толық ақтауы мүмкін», деді Мұхтар Тайжан.

Ол сондай-ақ жобаның әлеуметтік маңызына ерекше назар аударды. Қоғам қайраткерінің пікірінше, курорт жоғары табысты туристерді тартуға бағытталуы тиіс.

«Мен бұл жобаның Куршевельден де қымбат болғанын қолдаймын. Сонда мұнда ауқатты турист келеді. Бұл – 20 мыңға дейін жаңа жұмыс орны деген сөз», деді ол.

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді дамытудың үлгісіне айналуға тиіс

Мұхтар Тайжан туризмнен түсетін табысты әлеуметтік қолдауға жұмсауға болатынын айтты.

«Ауқатты туристерден түсетін қаржы есебінен көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға субсидия беруге мүмкіндік туады», деді спикер.

Сонымен қатар ол тау туризмін дамыту балалар спортына да оң әсер ететінін атап өтті.

«Біздің балалар Австрия мен Швейцариядағыдай шаңғы тебуді тегін үйрене алады», деді Мұхтар Тайжан.

Спикердің бұл сөздері залда отырған жұртшылықтың қызу қолдауына ие болды.

Бұған дейін Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп отырғаны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар