• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 11:58

Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттарын байланыстыратын аспалы жолдар салынады

Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында Алматы тау кластерін дамыту жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Жиында туристік инфрақұрылымды жетілдіру, Іле Алатауы табиғатын сақтау, экологиялық тұрақтылық және жобалардың әлеуметтік әсері кеңінен талқылануда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық тыңдау барысында тұрғындар мен сарапшылар жобаға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өңірде заманауи тау туризмін дамыту бастамасына қызығушылық жоғары екенін атап өтті. Көпшілік жоба аймақтың туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деген пікір айтты.

Алматы тау кластері жобасы халықаралық деңгейдегі жыл бойы жұмыс істейтін заманауи тау экожүйесін қалыптастыруды көздейді. Оның аясында аспалы жолдар, түрлі деңгейдегі шаңғы трассалары, туристік нысандар салу жоспарланған. Сонымен қатар жазғы демалыс түрлерін дамытуға да басымдық берілмек. Атап айтқанда, хайкинг бағыттары, веложолдар және белсенді демалысқа арналған өзге де инфрақұрылым жасалады.

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді дамытудың үлгісіне айналуға тиіс

Жоба шеңберінде Шымбұлақ курорты мен Oi-Qaragai демалыс аймағын Кімасар, Бутаков шатқалдары және «Пионер» курорты арқылы байланыстыратын аспалы жолдар мен трассалар жүйесін салу қарастырылған.

Талқылау барысында экологиялық тұрақтылық жобаны жүзеге асырудағы негізгі қағидалардың бірі екені ерекше айтылды. Сондай-ақ «Пионер» курортының әлеуметтік және инклюзивті бағыты сақталатыны атап өтілді.

Талғат Ғазизов: Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр  
Соңғы жаңалықтар