• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қаңтар, 2021

Ыстанбұл - Алматы бағытындағы ұшақ апатты жағдайда қайта қонды

569 рет
көрсетілді

Жексенбі күні Ыстанбұлдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines (THY) әуе компаниясының жүк таситын ұшағы апатты жағдайда қайта қонды. Жүк таситын ұшақ Ататүрік әуежайынан ұшқан кезде құстармен соқтығысып қалған.

Жүк таситын ұшақ Ататүрік әуежайынан жергілікті уақыт бойынша (0540GMT) таңғы сағат 08:40-та ұшқан. Turkish Airlines баспасөз қызметі әуеге көтерілген B777-F ұшағы құстармен соқтығысып қалғанын хабарлады.

Құстар жүк таситын ұшақтың планерін зақымдаған. Аталған ұшақ шұғыл түрде жерге қону үшін салмағын азайту керек болған, сол себепті жанармайды Мәрмәр теңізінің үстіне төгіп жіберіп, одан кейін Ататүрік әуежайына қайта қонған.