• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қаңтар, 2021

Атырау облысында сушиден 47 адам уланды

205 рет
көрсетілді

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Жылыой ауданында сушиден 47 адам уланды. Олардың бәрі «Три Самурая» дәмханасынан тапсырыспен алдырған сушимен тамақтанып, кейін дәрігерлерге жүгініпті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазір аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 9 науқас жатыр. Бұлардың жағдайы жақсарып келеді. Өз қалауымен амбулаторлық ем алуға жіберілдер де бар.. Ал басқа науқастар денсаулығының түзелуіне байланысты ауруханадан шығарылды. Сушиден уланған науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды», деді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындарға суши сатқан «Три самурая» дәмханасы жабылды.